Квартет
Квартеттің Тарихы

Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік шекті аспаптар квартеті – Қазақстанның камералық музыкасының жетекші фигурасы.

Квартеттің тарихы 1988 жылы Ахмет Жұбанова атындағы Республикалық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының оқытушысы Дина Михайловна Чуренованың жетекшілігімен басталды.

Квартеттің идеялық шабыт берушілерінің бірі – Қазақ квартетіне есімі берілген ҚазКСР-нің халық әртісі, композитор Ғазиза Жұбанова.

1995 жылы өзінің белсенді конкурстық және концерттік қызметтерінің арқасында квартет мемлекеттік мәртебеге ие болды.

Квартеттің өмірбаянындағы маңызды парақ квартет өнерінің майталманы Бородин атындағы квартеттің негізін қалаушы Валентин Александрович Берлинскийдің атыментығыз байланысты. Кездесу Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тайыр Аймұхаметұлы Мансұровтың үлкен қолдауымен ұйымдастырылды. Валентин Берлинскиймен бірлескен жұмыс халықаралық аренаға жол ашты.

«Hagen Quartet» мүшесі Райнер Шмидтпен серіптестік оңайға түспеді. Мемлекеттік квартет конкурстық негізге құрылған іріктеуден өтті. Қажырлы еңбек өз жемісін берді: Испанияға концерттік сапарлар мен Escuela Superior de musika Reina Sofia мектебінде білім алу. Халықаралық жарыстар мен әлемнің жетекші квартеттерінің шеберлік сабақтарына қатысу.

Әлемдегі ең жақсы музыка мектептерінен тәжірибе жинақтай отырып мемлекеттік шекті аспаптар квартеті сапалы квартеттік музыканы шынайы сүйетіндердің жүрегіне әсер ететін ерекше дыбысты табады.

Білімі:

1990 — 1995 жж. – Құрманғазы атындағы консерватория, Алматы қ.

1999 — 2004 жж. –Профессор В. Берлинскийден білім алу (Бородин атындағы квартет), Мәскеу қ.
2004 — 2006 жж. –EscuelaSuperiordemusikaReinaSofia, Мадрид қ., Р.Шмидт (HagenQuartet)

2010 — 2012 жж. – халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алу, музыка Академиясы Швейцария, Базель қ. Профессор Райнер Шмидтің сыныбы. Магистратура, музыкалық орындаудағы арнайы сабақтан өту. Камералық музыка.

Шеберлік сабақтарына қатысу:

–AmadeusQuartet,

–BartokQuartet

– Smetana Quartet

– Alban Berg Quartet,

–Yanagek Quartet,

– Mosaic Quartet,

– Hagen Quartet.

Марапаттары:

– 1993 ж. — Сахаров марапаты, Мәскеу қ.

– 1995 ж. — Халықаралық «Алтын Күз» камералық оркестрлер байқауынан І орын, Украина, Хмельницкий қ.

– 1999 ж. —Шостакович атындағы халықаралық шекті аспаптар квартеті байқауынан ІІІ орын, Мәскеу қ.

– 2001 ж. — Шостакович атындағы халықаралық шекті аспаптар квартеті байқауынан ІІІ орын, Мәскеу қ.

– Халықаралық «Шабыт» байқауының Президент кубогі мен«гран-при» сыйлығының иегері.

– «Rovered'Oro» халықаралық байқауының «гран-при» сыйлығының иегері, Италия, СанБарталомео қ.

– «Bellini» халықаралық байқауынан ІІ орын, Италия,Сицилия.

–Францияның Бордо қаласында өткен халықаралық байқау финалистері.

– 2004 ж. —Шостакович атындағы халықарлық шекті аспаптар квартетінің байқауынан ІІ орын, Мәскеу қ.
– 2005 ж.— Халықаралық шекті аспаптар квартетінің байқауынан II орын, Жапония, Осака қ.

– Испания ханшайымының қолынан алған «EscuelaSuperiordemusikaReinaSofia» атты ең үздік ансамбль дипломы.

Айдар Тоқталиев
Бірінші скрипка

«…бірінші скрипка ақыл-ой мен тамаша сөйлеу қабілетіне ие, тіл қатысуды қолдайтын, оған үнемі бағыт беретін орта жастағы адамға ұқсас…»

— Стендаль шекті аспаптар жайында

Квартеттің негізгі билеті – бірінші скрипкашы. Оның рөлін асыра бағалау қиын. Орындаушы солист пен квартетистен де артық болу керек. Айдар 18 жасынан бастап-ақ скрипка өнерінің жарқын жұлдызы болды, гауһартас тәрізді қатты ұнтақтаудан өтіп, квартеттен өзінің лайықты орнын алды. Айман Мұсақожаева, Гауһар Мырзабекова, Марат Бисенғалиев сияқты шеберлерді тәрбиелеген білікті педагог Нина Михайловна Патрушевадан сабақ алған Айдар скрипкалық шеберліктің құпияларын терең меңгерді.Айдардың скрипкасының жарқын дыбысы көрермендердің жүрегіне әсер етпей қоймаған концерттік зал болған жоқ. Ол – концертке барудың басты себептерінің бірі. Оның скрипкада ойнағанын Ғ.Жұбанова атындағы мемлекеттік шекті аспаптар квартетінің жетекшісі Ернар Мыңтаев алғаш естігенде Айдардың талантты азамат екендігін бірден түсінген. Дайын скрипкашыны ешкім бермейді, оның талантын өзімізге ұштауға тура келді. Айдар Құрманғазы атындағы КНК түлегі болса да, квартеттік жұмыс консерваторияға қарағанда жақсы болды. Бағалар – ең жақсы залдардағы қойылымдар, емтихандар – әйгілі квартет байқауларының тыңдалуы, әрдайым жүлделі орындар мен регалиялар жеңіп алынды. Қазіргі уақытта Айдардың шығармашылық өмірбаяны 12 жылдан астам Мемлекеттік квартеттің примариусы сияқты сәтті өнер көрсетті. Айдар Қазақстанның Мемлекеттік бірегей аспаптар жиынтығындағы XVII ғасырдың итальяндық шеберінің аспабында ойнайды.

Алексей Лебедев
Екінші скрипка

«Екінші скрипкада досының ақылдылығын ерекше атап өтуге тырысатын, өзі сирек кездесетін және сөйлесудің жалпы барысын ескере отырып, өз ойын білдіруден гөрі басқа қатысушылардың пікірімен келісетін бірінші әңгімелесушінің досын көре аласыз».

— Стендаль шекті аспаптар жайында

Стендальдың сөздерін жоққа шығарып, «екінші скрипка» сияқты ұғымның жоқтығын атап өткім келеді. Бұл орташа дауыс емес, бірінші скрипкашының дыбысталуы бойынша өте жақсы ойнайтын лайықты қарсылас. Екінші скрипкашының шеберлігінен біріншінің жарқын дыбысы байқалады.

2008 жылы Ғ.Жұбанова атындағы МШК екінші скрипкашыға байқау жариялайды. Алматыға еліміздің түкпір-түкпірінен және алыс-жақын шет елдерден үміткерлер жиналады. Солардың ішінде Н.Г. Жиганов атындағы Қазан мемлекеттік консерваториясын енді ғана аяқтаған жас әрі өршіл Алексей Лебедев болды. Ол бірден өзінің таланты мен құлшынысының арқасында іріктеу комиссиясының көңілінен шықты және кейіннен ұжымды керемет толықтырды. Бірлескен қажырлы жұмыс жылдарынан кейін квартеттің көркемдік жетекшісі Ернар Мыңтаев квартеттің «тамаша екінші скрипкасы» бар деп сенімді түрде айтты. Алексей өте еңбекқор әрі жарқын жан. Ол да Қазақстанның Мемлекеттік бірегей аспаптар жиынтығындағы XVII ғасырдың итальяндық шеберінің аспабында ойнайды.

Бекзат Сайлаубайұлы
Альт

«Альт туралы айтатын болсақ, бұл әңгімеге үнемі қатысуға тырысатын сүйкімді, сәл сөзқұмар әйел іспетті. Рас, ол әңгімеге белгілі бір ләззат әкеледі, ал сөйлесіп жатқанда, басқа әңгімелесушілердің демалуға мүмкіндігі бар. Алайда бұл ханымнан виолончельге арналған жасырын тәуелділікті байқауға болады».

— Стендаль шекті аспаптар жайында

Алть ерекше аспап, ал егер квартетте альтта жақсы ойнаушы болса, ол үлкен сәттілік екенін кез-келген квартетші мойындайды. Бекзаттың альтист тұрғысындағы тәрбиесі Қазақстанның ең үздік оқу орындарында – Ахмет Жұбанов атындағы Республикалық дарынды балаларға арналған мектепте және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында өтті. Бекзаттың оқытушылары профессор Сәуле Жүсіпова, алғашқы Мемлекеттік шекті аспаптар квартетінің мүшесі Валерий Багаутдинов, Қазақстандағы альт мектебінің негізін қалаушы Яков Фудиманның шәкірті Диана Махмуд сынды білікті мамандар болды. Консерваторияның жетекші альтисті бола отырып Бекзат республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттарын жеңіп алды. Альт тобының сүйемелдеушісі ретінде ол Мәскеу, Санкт-Петербург, Сеул және Тэгу қалаларына гастрольдік сапарларға шықты. Бекзаттың кәсіби саладағы үлкен жетістіктері Мемлекеттік квартеттің жетекшісі Ернар Мыңтаевтың назарын аударды, 3-курста оқып жүрген кезінде-ақ Б.Сайлаубайұлы квартеттің мүшесі болуға ұсыныс алды. Бірақ Ернардың жоспары тек 2 жылдан кейін ғана іске асты. Бекзат диплом алып, Ғ.Жұбанова атындағы МШК-тің ресми түрде альт орындаушысы атанды. 2015 жылдың 27 қаңтарында Алматыда жаңа альт ойнаушының дебюті сәтті өтті. Енді Бекзаттың келуімен МШК өз тарихындағы жаңа кезеңді бастады. Бекзат2007 жылы алматылық шебер Владимир Колотовқа арнайы тапсырысбойынша жасатылған аспапта ойнайды.
Ернар Мыңтаев
Виолончель

«Виолончель жағымды кейіпкерді, нұсқаулықтарға бейім оқушының кейпін аңғартады. Оның дауысы бірінші скрипканың дыбысын логикалық тұрғыда қолдайды...».


— Стендаль шекті аспаптар жайында

Жақсы ұстазға жолығу – сәттілік белгісі. Бұл тұрғыда Ернар Мыңтаевты бағы бар жанның қатарына жатқызамыз. Ол бала кезінен бастап Қазақстанның көрнекті виолончельшілері білім алған ұстаз Сапиолла Молдағалиұлы Жакеевтің қамқорлығында болады.
Консерваторияда Ернар виолончельдік шеберліктің құпияларын танымал виолончелист Жамбыл Баспаевпен тең дәрежеде оқыды. Мұндай негізгі мектептен білім алғаннан кейін жеке орындаушы ретінде де жақсы танылуға болатын еді, бірақ Ернар квартетпен «ауырды» және бұл оның алдағы тағдырын анықтады. Ол әйгілі виолончелист, квартеист Валентин Александрович Берлинскиймен кездесуде жақсы таныла түсті. Жағымды кездесулерге толы және өз ісінің шеберіне айналу сынды қызықты өмір басталды. Квартеттің құрамы бірнеше рет өзгерсе де, Ернар квартет өнерінің шынайы жанкүйері ретінде өз ойынан бас тартқан жоқ. Қазір ол өзімен бірге өнер көрсететін музыканттардың талантын бірден сезеді. Квартеттің әлемдегі ең танымал әрі сұранысқа ие тәлімгер Райнера Шмидтен білім алуын сәттілік деп атауға болады. Бірақ адам қаншалықты еңбектенсе, соншалықты табысқа ие болады. Бұған квартеттің көркемдік жетекшісі Ернар Әзімқұлұлы дәлел. Ернар виолончель мен квартет өнерінің дәстүрлі жүгін арқалап жүр. Және әлі күнге дейін квартеттің көпшілік назарына ұсынатын әр нотасы мен туындысында оның ұстаздарының үні тұр. Осыдан-ақ ұстаздардың ұлылығын аңғаруға болады, олар өмірден озғанымен, олардың еңбегін шәкірттері жалғастыруда. Ернар XVIII ғасырда жасалған француз шеберінің виолончельінде ойнайды.